Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада техникалық регламент талаптарына сай емес тамақ өнімдері анықталды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 15:04

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында техникалық регламент талаптарына сай келмейтін тамақ өнімдері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шілде айында облыс аумағындағы сауда орындарынан 136 өнім сынамасын іріктеп, зертханалық сараптама жүргізген болатын.

Аталған өнімдердің басым бөлігін тағам өнімдері құрайды. Оның ішінде отандық, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде және өзге елдерде өндірілгені бар.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 5 сынама техникалық регламент талаптарына сай болмай шықты. Оның ішінде 4 сынамада физикалық-химиялық көрсеткіштер және 1 сынамада таңбалау талаптары сәйкес келмеді.

Сәйкессіздіктердің барлығы тамақ өнімдерінен анықталды. Оның ішінде ет және құс еті өнімдері, кондитер өнімдері, алкогольсіз сусындар бар.

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қортындысы бойынша техникалық регламент талаптарына сай келмейді деп танылған сынамалардың барлығы Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген. Аталған өнімдер бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқамалар берілді», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.


Жоғары қарай