Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Қызылордада пойыздардың 13 жолсерігі жауапқа тартылды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 22:57 895

  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада заң талаптарын сақтамаған 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржол саласындағы талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріске Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және теміржол вокзалы өкілдері қатысты.  

«Нәтижесінде 36 жолаушы пойызы тексеріліп, 31 билетсіз жолаушы анықталды. Сондай-ақ, пойыздарда өртке қарсы 5 қондырғы болмай шықты. Одан бөлек, 14 санитарлық заңбұзушылық және өзге де 75 кемшілік анықталды. Заңды аяқтан басқан 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді  Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Прназарова.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жарияланған жолаушы пойыздарының қызмет сапасына, жол құжатынсыз қатынайтын жолаушыларға, вокзалдардағы алыпсатарларға қатысты фото және видеоматериалдар тексерілді.

 

 

 

 

Жоғары қарай