Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада полицейлер 5 адамды өрттен құтқарды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 18:38

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полицейлер бес адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін 31 мамырда сағат 10.23 шамасында​ облыс орталығының шеткі аймағыда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.

Оны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміндегі «Боран-5» экипажының полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарын аралау барысында байқап қалды.

Экипаж құрамында жүрген полиция капитаны Бақытжан Тастыбаев пен полиция аға лейтенанты Әділет Қуанышқа үйге кіру үшін терезені сындыруға тура келген. Полицейлер өртке оранған үйге бірнеше қайтара кіруіне тура келді. Осылайша өрт шалған үй ішіндегі адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарды. Полицейлер өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдем бригадасы келіп жеткенше 5 адамның өмірін сақтап қалды. Олардың​ бірі бүлдіршін болса, тағы біреуі жүкті әйел.

​Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тарапынан оқиғаға байланысты өрттің шығу себебі анықталуда. ​

​«Полициядағы қызмет – адамдарға күнделікті көмек көрсету. Бұл – біздің жұмысымыз. Мен ерекше іс істедім деп ойламаймын. Бұл жағдайда кез келген адам осылай жасар еді», – дейді Бақытжан Тастыбаев.

​ Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай