Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада науқастардың 80 пайызы коронавирус дертінен айықты

2020 жылдың 14 тамыз 2020 01:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 80 пайызы ауруынан айығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 3199 адам тіркелген. Оның ішінде Қызылорда қаласынан -1920, Аралдан – 114, Қазалыдан - 101, Қармақшыдан - 137, Жалағаштан - 111, Сырдариядан - 180, Шиеліден - 283, Жаңақорған ауданынан – 353 адам қатерлі індетке шалдыққан.

Кеше, 12 тамызда коронавирус инфекциясымен 4 жағдай анықталды Оның 3-уі Қызылорда қаласынан болса, 1 дерек Шиелі ауданынан тіркелді. Олардың 4-еуі де скринингтік тексеруден анықталған. Жалпы емделіп шыққан науқастар саны - 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында тұрғындардың жедел жәрдем қызметіне жүгіну жағдайы да қалыпқа түсті. Қазір аталған қызметке жүктеме індетке дейінгі күнделікті шақырту қабылдау деңгейіне түсіп отыр. Яғни ахуал тұрақталып, шақырту саны да азайды.

Шақыртулар саны індет өршіген маусым-шілде айларымен салыстырғанда 56,8%-ға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 6 есеге кеміді. Шақырту саны көбейген тұста ол күнделікті 1000-нан астам жағдайды құраған еді. Бүгінде шамамен 150-170.

Сондай-ақ, Жаңақорғандағы аурухананың инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты.
Жоғары қарай