Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қызылордада құтқарушылар өрт ортасынан 2 баланы алып шықты

2020 жылдың 21 наурыз 2020 21:04

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар өрт арасынан 2 баланы аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті 112 құтқару қызметіне тұрғын үй жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Мамандар барлау жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнында газ баллоны жарылған. Қураған шөп жанып, үй алдындағы сарай, құрылыс заттары, бөренеге зиян келген. Сондай-ақ, жалын есік алдында тұрған «Ваз 2106» автокөлігін шарпи түскен.

«Оқиға орнында өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекет етті. Осының арқасында тілсіз жау ошағынан тағы бір дана сыйымдылығы 27 литр газ баллоны шығарылды. Оқиға салдарынан жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себептері мен салдары анықталу үстінде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.


Жоғары қарай