Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қызылордада коронавирустан тағы 2 адам жазылды

2020 жылдың 15 сәуір 2020 17:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан 15 сәуірде тағы 2 адам айығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«Олардың емі толық аяқталды. Науқастардан 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі олардың сау екенін көрсетті. Науқастар коронавирус инфекциясынан толық айықты деген қорытынды жасалды. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан үйлеріне шығарылады. Індетті жеңген 2 науқас та Қызылорда қаласының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 2 науқас аталған індеттен айыққан болатын. Қазір барлығы 4 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы қойылған 127 адам бар.


Жоғары қарай