Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 12:53

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғындардың коронавирус жұқтыруы бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте өңірде 268 қатерлі індеттің құрығына ілікті. Оның ішінде Қызылорда қаласында 169 жағдай тіркелсе, аудандар бойынша ол Аралда - 9, Қазалыда - 5, Қармақшыда - 9, Жалағашта - 12, Сырдарияда - 10, Шиеліде - 23, Жаңақорғанда - 31 адамды құрады.

Осының салдарынан қазір облыста коронавируспен сырқаттанған тұрғындары саны 20 027 адамға жетті.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа кіргізілді.

Айта кетерлігі, бұған дейін өңірде коронавирус жұқтырудың мұндай жоғары көрсеткіші тіркелген жоқ.

«Өңірде бүгінгі күнге дейін коронавирус жұқтырудың жоғары көрсеткіші - 251 адам болды. Ал қаңтар айының алғашқы күнінен 593 адам індет жұқтырды. Сондықтан тұрғындан барлық сақтық шараларын сақтауды сұраймыз», - деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, бұдан бұрын дәрігерлер Қызылорда облысында «омикрон» штамы болуы мүмкін екенін айтқан еді.




Жоғары қарай