Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың 95 пайызы - вакцина алмағандар

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 12:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың 95 пайызы - вакцина салдырмағандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус инфекциясының 17106 жағдайы тіркелді.

Оның 95 пайызы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алмаған адамдар арасында тіркелген.

Мұндай науқастар арасында жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқандар бар.

«Сондықтан екпеден бас тартқан дұрыс емес. Қазір әлеуметтік желілер, ватсап мессенджерлері арқылы түрлі жалған, ғылыми негізделмеген ақпараттар тарауда. Антиваксерлердің бұл әрекеті ұжымдық иммунитет қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан халық арасында вакцинаның қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы жөнінде толық ақпарат беруге назар аударылды. Бұл бағытта сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ ірі еңбек ұжымдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде азаматтар вакциналау туралы теріс көзқарасын өзгертіп, екпе салдырды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Биыл вирусқа қарсы екпенің арқасында өткен жылғы жағдаймен салыстырғанда медицина мамандары арасында айтарлықтай төмендеу тенденциясы байланады.

Сол сияқты ірі кәсіпорындар, мұнай компаниялары, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмыс орындарында топтық жағдайлар тіркеліп жатқан жоқ.

«Бүгінгі күні қызметкерлері вакциналанған бірқатар еңбек ұжымдарында коллективті иммунитет қалыптасты деп айтуға болады. Себебі былтырғы жылы медицина мамандары арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары көптеп орын алды. Ал керісінше, коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакциналану контингентіне жатпайтын зейнеткерлер, жұмыссыздар, балалар мен созылмалы аурулары бар адамдар арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы жиілеген. Бұл көрсеткіштер вакциналаудың тиімділігін дәлелдейді», - деді Ә. Әбдіқайымова.

Еске салсақ, Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызы вакцина салдырды.


Жоғары қарай