Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Қызылордада коронавирус жайында жалған ақпарат таратқандар анықталды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 19:40

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жайында жалған ақпарат таратқан тұрғындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы дерек Арал ауданында тіркелген. Онда белгісіз әйел WhatsApp желісіндегі «Кластастар» чатына «Коронавирус Бекбауылдан шықты, Аралға алып келіп жатыр» деп аудиожазба арқылы жалған хабар таратқан.

Екінші деректе Жаңақорғанда белгісіз әйел WhatsApp желісі арқылы «Ағайындар» чатына сырқаттанбаған аудан тұрғынының нақты аты-жөнін айтып, оның коронавирус жұқтырғанын айтқан. Бұл аудиожазба да полиция назарына ілікті.

«Бұл деректер дереу тексерілді. Жедел іздестіру нәтижесінде мессенджер арқылы жалған ақпарат таратқан тұрғындар анықталды. Олардың бірі Арал ауданының 33, екіншісі Жаңақорған ауданының 50 жастағы тұрғындары екені анықталды. Ұсталған күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап, өкінетіндігін айтты. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 25 адам бар.


Жоғары қарай