Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылордада коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұр

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 19:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай режиміне байланысты 28 блок-бекет талапқа сай жұмыс жасауда. Тәулік бойы 12 нарядтан құрылған 24 автокөлік қала көшелерін патрульге шығуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс жасауда. Қала орталығында 255 қоғамдық көлік қатынап, 382 банкомат жұмыс жасап тұр. Тұрақтандыру қорында 1404 тонна азық-түлік өнімі сақтаулы.

«Өңірде 7 қаңтардан бастап 1414 Call орталығына 78107 қоңырау түскен. Басым бөлігі - халыққа қызмет ету, авиа және теміржол билеттерді алу және азық-түлік, еріктілердің көмек беруі мәселесіне қатысты. Ал 5 қаңтардан бүгінге дейін 718 азамат полиция органдарына жеткізілді. Әкімшілік істер бойынша 154 адам, 53 қылмыстық іс қозғалып, 96 адам қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаметінен.
Ведомство мәліметінше, қазірге дейін 210 азамат медициналық көмекке жүгінсген. Олардың солардың 33-ы ауруханада, 5-і жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жолаушылар тасымалы қайта жанданды.


Жоғары қарай