Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада карантин шектеуі күшейтілуі мүмкін

2021 жылдың 21 сәуір 2021 11:27

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада карантин шектеуі күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 сәуірден бастап «сарыдан» «қызыл аймаққа» ауысты. Былтырғы жылдан бері өңірде COVID-19 инфекциясының 4 890 дерегі есепке алынған. Жыл басынан бері 1 498 жағдай тіркелді. Олардың басым көпшілігі сәуір айының 20 күнінде тіркеліп отыр. Ол 846 деректі құрайды.

«Өткен тәулікте қатерлі дертті жұқтырудың 47 жаңа жағдайы көрініс берді. Оның ішінде Қызылорда қаласында 22 адам коронавирус жұқтырса, аудан бойынша Қазалыда - 9, Жаңақорған мен Қармақшыда - 7, Шиелі мен Сырдарияда - 1 жағдай есепке алынды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі»,- деп мәлім етті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, Қызылордада 20,6 мың адам коронавирус вакцинасын салдырды.



Жоғары қарай