Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада каналға батып кеткен жігітті іздеуге 14 құтқарушы тартылды

2020 жылдың 9 тамыз 2020 18:58

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Шіркейлі каналына суға батып кеткен жігіттің мәйітін іздеуге 14 құтқарушы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін елорда уақытымен 05.55-те Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне хабар келіп түскен. Онда Қызылорда қаласындағы автокөлік көпірінің маңындағы Шіркейлі каналына 28 жастағы азаматтың суға кеткені айтылған. Мәлім болғаны, ол каналға жуынуға барған сәтте құлап кеткен.

«Оқиға орнына мамандар 3 техника және 2 қайықпен жетті. Қазір суда іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай