Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада канал маңында соқтығысқан екі көліктің бірі суға батып кетті

2021 жылдың 19 шілде 2021 17:30

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, 19 шілдеде Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында болды. «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан «Toyota Camry» автокөлігі каналға түсіп кеткен. «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Орын алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде суға құлап кеткен көлік ішінде екі адамның болғаны айтылуда.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кеткен еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепованың хабарлауынша, оқиға орнында жедел құтқару жасағының 14 құтқарушысы 4 техника және 2 суға жүзу қайығымен барып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.


Жоғары қарай