Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада қамауда отырған ағасына қарындасы бауырсаққа жасырып, телефон өткізбек болды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 02:17

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына бауырсаққа жасырып телефон өткізуге әрекет еткен қарындасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған сәлемдемені тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тәркіледі. Қарындасы ағасына «Nokia» маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған.

«Қамаудағы ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабына сәйкес іс қозғалды. Құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз маманы .

Бұдан бұрын да Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды.


Жоғары қарай