Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті

2020 жылдың 14 тамыз 2020 03:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көпбейінді қалалық аурухана қалыпты жұмыс ырғағына қайта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Вирус жұқтырып ауырған науқастардың саны азайды. Нәтижесінде облыста провизорлық, инфекциялық стационарлар жабылды. Бірқатар ауруханалар қалыпты жұмысқа көшті. Солардың қатарында көпбейінді қалалық аурухана да бар.

«Емдеу орны 10 тамыздан бастап қалыпты жұмыс жағдайына көшті. Аурухана науқастар саны артқан 19 маусым мен 3 тамыз аралығында халыққа провизорлық стационар қызметін көрсетті. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты емдеу орны жедел және жоспарлы түрде науқастарды қабылдауды қайта бастады. Аурухана бұрынғы жұмыс жүйесіне көшкен күннен бастап мұнда 80-ге жуық науқас қаралды. Оның ішінде 30 науқас көрсеткіші бойынша ем алуға жатқызылды. Атап айтқанда, науқастар кардиологиялық, терапиялық, гинекологиялық, травматологиялық, хирургиялық бейіндері бойынша ем қабылдады», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, ота қажет ететін науқастарға тиісті шаралар атқарылды. Онда 11 тамыздан бастап амбулаториялық емханалар жолдамасы арқылы жоспарлы түрдегі науқастар портал бойынша ауруханаға жатқызылуда.

Сондай-ақ, Жаңақорғандағы аурухананың инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты.
Жоғары қарай