Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада IX республикалық Азаматтық форум өтті

2020 жылдың 27 қараша 2020 16:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы #Birgemiz» атты IX республикалық Азаматтық форумының пленарлық отырысы және «Үкіметтік емес ұйым үшін сыйлық» номинациясын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылғы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы #Birgemiz» атты IX республикалық Азаматтық форумының пленарлық отырысы және «Үкіметтік емес ұйым үшін сыйлық» номинациясын тапсыру рәсімі өтті. Шараға өңірлер санитарлық талаптарды сақтай отырып, онлайн режимде қатысты.

«Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты
IX облыстық Азаматтық форум жалпыреспубликалық деңгейде 2020 жылғы
14-27 қараша аралығында Азаматтық қоғам апталығы форматында өтті.

Еліміздің қоғам белсенділерінің бірліктерін дәстүрлі ауқымды іс-шара биыл жаңа форматта ұйымдастырылып, өткізілді.

Алдымен 2020 жылғы 14-19 қараша аралығында облыстық Азаматтық қоғам апталығы ұйымдастырылды. Азаматтық қоғам апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылауға байланысты диалог алаңдары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы; қоғамдық бақылау – шынайылық пен мүмкіндіктер; ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыс факторлары, тәуекелдер, перспективалар; қоғам, мемлекет және бизнес диалогы атты бағыттар талқыланды.

Сонымен қатар, облыстық Азаматтық форумда бұған дейінгі форумдар ұсынымдарының орындалуы талқыланып, салалық үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті атқарушы органдармен кездесуі өтті.

Облыстық форум жұмысына 500-ден астам ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Ал, Республикалық азаматтық форум 2020 жылғы 27 қарашада өтті. Форум жұмысы «Қоғам және мемлекет: серіктестігі мен дамуының 30 жылы #Birgemiz» пленарлық сессиясымен ашылып, үздік ҮЕҰ-ға арнайы номинациялар табысталды.

Пленарлық сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ.Балаева және өңірлік спикерлер қатысып, сөз сөйледі.

IX Азаматтық форум аясындағы «Үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйлық» премиясымен марапаттау шарасында «АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУҒА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ» бағыты бойынша Республикалық номинациямен Қызылорда облысының «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі марапатталды. Ұйым жетекшісі Төлепова Мадина Ерғалиқызы.

Сонымен қатар, облыстық Альянс Ассоциациясының ұсынысы негізінде обыс әкімінің орынбасары С.Ә.Ахмет азаматтық белсенділік танытқан өңірлік бірқатар үкіметтік емес ұйым мүшелерін арнайы номинациялармен және сыйақылармен марапаттады.

1. «ӘРТҮРЛІ ТҰЛҒАЛАР, ӘРТҮРЛІ МҮМКІНДІКТЕР» номинациясымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі марапатталады. Ұйым жетекшісі Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы.

2. БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ПОЗИЦИЯ» номинациясымен «Облыстық Ерлік үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі марапатталады. Ұйым жетекшісі Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы.

3. «ТАЗА ӘЛЕМ» номинациясымен «Арал теңізі» қоғамдық қоры марапатталады. Ұйым жетекшісі Баймаханова Айнакүл Үдербайқызы.

4. «АУЫЛДЫҚ АЗАМАТТЫҚ БАСТАМА» номинациясымен «Шапағат» қайта оңалту орталығы» қоғамдық қоры марапатталады. Ұйым жетекшісі Жеңсікбаева Шынар Қуанышқызы.

5. «ШЕКАРАСЫЗ ӘЛЕМ» номинациясымен «Арал қаласы бойынша мүгедектерді қолдау және қорғау» қоғамдық бірлестігі марапатталады. Ұйым жетекшісі Жұмашева Индира Жайылғанқызы.

6. «АЗАМАТТАР ҮШІН СЕРІКТЕСТІК» номинациясымен «Сыр Агро» қоғамдық қоры марапатталады. Ұйым жетекшісі Қосанов Самалбек Оразбайұлы.

7. «ЖЫЛ ДЕБЮТІ» номинациясымен «Красивые сердца» жеке қоры марапатталады. Ұйым жетекшісі Ерімбетов Серік Кенжебекұлы.

Айта кетсек, азаматтық форумдар 2003 жылдан бастап екі жылда
1 рет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.











Жоғары қарай