Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада елсіз далада адасқандар құтқарылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 02:20

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданының полицейлері елсіз далада адасып қалған төрт адамды құтқарды. Олардың арасында 3 және 5 жастағы сәбилер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, екі үлкен кісі және екі бала УАЗ көлігімен Абай ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан Жұбан елді мекенінен шығып кеткенін айтқан. Арада біраз уақыт өткенімен жолға шыққан адамдар межелі жерге жетпеген.

«Нәтижесінде 2 жедел іздестіру тобы құрылды. Полиция қызметкерлері дереу жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге кірісті. Полиция қызметкерлерінің түні бойы уақытпен санаспай қырағылық танытты. Іздестіру шарасы бойынша таңғы сағат 7-де жолдан адасқан жолаушылар табылды. Олар Қуан ауылынан оңтүстікке қарай шамамен 250 шақырым жерге дейін адасып кетіп қалған. Полиция қызметкерлері оларды үйіне аман-сау жеткізді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай