Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Қызылордада электр бағаны көлік үстіне құлады

2020 жылдың 21 мамыр 2020 19:20

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада электр бағанасы көлік үстіне құлап, ішіндегі адамды басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 14.18-де болған. Бұл жерге өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары дереу жетті.

Онда 51 жастағы азаматтың «ГАЗель» көлігінің ішінде қалып қойғаны анықталды.

«Бұдан кейін өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары арнайы көлікпен құлаған бағананы көтерді. Зардап шеккен азаматтың көлігін қауіпсіз жерге шығарды. Оған медициналық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Қызылордада 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай