Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада экологиялық проблемалар талқыланды

2020 жылдың 16 қазан 2020 19:14

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік партиясы Қызылорда облыстық филиалында экологиялық проблемалар туралы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қатысушылар «Экологиялық проблемалар, аймақ экономикасының табиғи және техногендік факторлары. Үкімет азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бере ме?» тақырыбында ой-пікірін білдірді.

Көпшілік алдында облыстық филиал төрағасы Талғат Телеубаев экология тақырыбы қашанда өзекті екенін атап өтті. Қазіргі кезде қоғамның дамуы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты. Бүгінде ғылым мен техника қарыштап дамып келеді. Өндіріс саласы өркендеп, жер асты қазба байлықтары кеңінен пайдаланыла бастады. Оған қоса транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауға әсерін тигізеді.

«Мұндай химиялық қосылыстардың көбісінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына кері ықпалын жасайды. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамыуы табиғи орта жағдайында өтеді. Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайының әсері өте зор. Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Біздіі кейбір іс-әрекетіміз мыңдаған жылдар бойы қалыптасқа орта жағдайының зиянды өзгерістері денсаулығымызға кері әсерін тигізіп отыр», - деді филиал төрағасы.





Дөңгелек үстелде аймақта экологиялық тақырыпты кеңінен қозғап жүрген Болат Нұрқожаев бұл бағытта атқарылып жүрген жұмыстар барысын жөнінде әңгімелеп берді. Бұл орайда тұрмыстық қалдықтарды жюо мәселесіне бейжай қарауға болмайды. Қазір аталған тақырып елімізде кеңінен қозғалып келеді. Сондай-ақ, жасыл желекті молайту арқылы табиғат тынысын жақсартуға әбден болады.

Жиын барысында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшыының орынбасары Бауыржан Оспанов аймақта қоршаған ортаны жақсарту бағытында жүзеге асқан жобалар жөнінде ой қозғады.

Бұдан бұрын облыстық филиалдың ұйытқы болуымен қазіргі білім беру мәселесі талқыланды.























Жоғары қарай