Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілуде

2020 жылдың 22 шілде 2020 18:07

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында дәрі тапшылығын болдырмау үшін қала әкімдігі және тиісті мекемелер арасында келісім жасалған. Осының негізінде сұраныс білдірген 30 дәріханаға аптасына 3 мәрте фармацевтикалық өнімдер жеткізіледі. Қажетті дәрілер тізіміне эйфулин, дексаметазон, леовит, С витамині, глюкоза, цефазалин сынды дәрілер енгізілген. Олардың қатарында басқа да дене қызуын түсіретін дәрілік препараттар бар.

«Облыс орталығындағы дәрі тапшылығын жою мақсатында күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сол арқылы әрбір дәріханаға қандай қажеттілік бар екенін нақтыланады. Нәтижесінде оларға тиісті дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Алдағы уақытта да қала аумағындағы дәріхана қызметіне мониторинг жалғасатын болады», - деп мәлім етті қала әкімдігінен.

Осы мақсатта бүгін Қызылордаға Шымкент қаласынан 100 мыңға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Ол қала әкімдігінің Шымкент және Алматы қалаларындағы дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпкерлермен қажетті өнімдерді алу жөніндегі жасаған келісімі негізінде жүзеге асырылып отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда облысындағы стационарларда орын тапшылығы жоқ.


Жоғары қарай