Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада биыл жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды

2021 жылдың 10 қазан 2021 20:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында биыл жылу жоспардан ерте берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімінің шешімімен жылу қазан айының 10-ы күні берілді.

Әдетте, ол жылда 15 қазанға белгіленген болатын.

«Ал, жылу қазандықтары бөлек «Арай», «Ипподром», «Сырдария», «Астана» және «Сол жағалау» тұрғын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу одан ерте қосылды», – деді қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев.

Биылғы жылы магистралдық және кварталаралық жылу құбырларына гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде магистралдық және кварталаралық құбырлардағы ақаулар жөндеу кестесіне сәйкес толығымен қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, проблемалық 20 көп қабатты тұрғын үйлерде орын алған ақауларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде және жылумен мерзімінде толық қамтамасыз етіледі.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жауапкершілігі шектеулі 4 серіктестік және 13 пәтер иелері кооперативтері жұмыстарын атқаруда.

«14 қыркүйектен бастап магистралдық және кварталаралық жылу құбырларына қорытынды гидравликалық сынақ жұмыстары толығымен жүргізіліп, жылу желілеріндегі желілік су салқын айналымға қойылды. Ендігі ретте, тұрғындардың жылу жүйесіне қарызын өндіру үшін мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда», – деді Елмұрат Рахматуллаев.

Жоғары қарай