Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылордада биыл 6 тарихи шаһарда қазба жұмыстары жүргізіледі

2020 жылдың 5 маусым 2020 19:53

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл облыста 6 тарихи шаһарға археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ежелгі Бәбіш мола, ортағасырлық Жанкент, Сортөбе және Алтын Орда дәуіріне жатқызылған Сығанақ, Қышқала қалашықтарында қазба жұмыстары басталды.

«Сонымен қатар, тамыз айында Асанас қалашығында да қазба жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұнан өзге, «Археологиялық жұмысты жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» бекітіліп, археологиялық зерттеуге бақылау шаралары мен талаптары күшейтілді», - дейді Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова.

Айта кетейік, өңірде 545 тарих және мәдениет ескерткіші есепке алынса, оның 134-і - археологиялық ескерткіш. Қазір археологиялық жұмыстардың зерттеу ауқымы кеңейіп, қазба жүріп жатыр.

Осы кезге дейін табылған 6486 экспонат музей қорында сақтаулы. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тарихи нысандарды ашық аспан астындағы музейге және туристтік орталыққа айналдыруда үлкен септігін тигізеді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында геоархеологиялық зерттеу жүргізіледі.


Жоғары қарай