Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылордада бір жасар сәби арықтағы суға батып кетті

2020 жылдың 1 маусым 2020 11:23

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір жастағы қыз бала арықтағы суға құлап қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында болды.

«Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Өңірде жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны - ересек азаматтар.

Бұдан бұрын Қызылордада каналға суға батып кеткен баланың мәйіті табылған еді.
Жоғары қарай