Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді

2021 жылдың 19 шілде 2021 12:16

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, 19 шілдеде сағат 07.20-да Қызылорда қаласы Ы.Алтынсарин көшесі бойында орналасқан балалар ойын-сауық орталығында болды. Мамандар өрт газ-ауа қоспасы салдарынан шыққан болуы мүмкін екенін жеткізді. Ғимараттың бірінші қабатының 200 шаршы метрге жуық аумағы толықтай жанып кетті.

«Өрт салдарынан Жеңіс көшесі бойындағы тұрғын үйдің ағаш сарайы мен шатыры құлап, терезесі бүлінді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 42 қызметкер 11 техникасы, ал жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы 1 техникасы барды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің себеп-салдыры анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада Тәжікстаннан Ресейге 20 тонна орама жіп алып бара жатқан жүк көлігі өртенді.


Жоғары қарай