Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада атом саласының үздіктері марапатталды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 20:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова атом саласы қызметкерлерімен кездесіп, үздік мамандарды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде «Байкен-Ю» серіктестігі - табиғи уранды өңдейтін жалғыз кәсіпорын. Ал «СКЗ-U» компаниясының зауыты жыл сайын 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруде.

«Қазақстанның атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі болып саналады және әлемде алдыңғы қатарда. Бұл, ең алдымен, жоғары білікті жұмысшылардың еңбегі. Өңірімізде 4 уран өндіретін компания және 1 күкірт-қышқыл шығаратын зауыт жұмыс жасауда. Оларда 2 500 аса адам қызмет атқарады. Қарапайым халықтың игілігіне несібе болған уранды игерген атомшылар күнімен құттықтаймын», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетсек, 2008 жылы 28 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мереке болып бекітілді.





Кездесуде «Байкен-U» серіктестіктің rөліктік және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Болат Нетбаев, «Қызылқұм» серіктестіктің 5 дәрежелі қазандық операторы Ибрагим Маликов, «РУ-6» серіктестіктің Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Олжас Жұмабай, «Семізбай-U» серіктестігінің «Иіркөл» филиалы әкімгершілік шаруашылық қызметі басшысы Мейрамхан Охапов және «СКЗ-U» серіктестіктің күкірт қышқыл зауыты сынақ зертханасының бастығы Олжас Орынбасаров «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Кездесу соңында сала ардагері Мұхит Искаков аймақ басшысына көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық жастармен жүздескен болатын.


Жоғары қарай