Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда каналға батып кетті

2021 жылдың 27 шілде 2021 21:01

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тоғыз жасар бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 27 шілдеде сағат 13.40 шамасында Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекені тұсындағы суармалы канал бойында болды.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт көндіру және авариялық-құтқару қызметіне 14.10-да келіп түсті. Жергілікті тұрғындар күшімен баланың денесі жағаға шығарылды. Ол белгісіз жағдайда суға батып кеткен», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналға құлап кеткен көлік ішінен екі адам табылған болатын.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай