Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 72 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 15:47

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 72015 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 76585 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Өткен тәулікте 1486 адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді. Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар. Жалпы алғанда, облыста 72015 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 31185-і облыс орталығында тұрса, 40830-s аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады.

Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады.


Жоғары қарай