Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалды

2020 жылдың 23 қараша 2020 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бизнесті қолдау үшін 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдік жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қоса өңірдегі 8 мыңнан астам кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылған.

Жыл соңына дейін 194 шағын және орта бизнес субъектісі жалдау ақысынан төлемейді.

Сондай-ақ, шамамен 9 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бойынша 11 млрд теңгеден астам соманы құрайтын қарыз төлемі кейінге қалдырылып, қайта құрылымдалды.

Қызылорда облысында мейрамхана бизнесімен 128 нысан айналысады. Қазір олардың көпшілігі мейрамхана тұрақсыз бизнес екенін түсінді.

Сол себепті ресурстар мен энергияны тұрақты табыс әкелетін арнаға ауыстыруда.

«Мәселен, өңірдегі 10 тойхана қызметін басқа салаға бағыттады. Бірі балалар ойын алаңы мен кондитерлік өнімдер өндіретін цехына ауыстырып жатыр. Сонымен бірге сусындар және лаваш шығару өндірістерін іске асырмақ. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да кәсіпкерлермен де жалғастырудамыз», - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Айта кетейік, Қызылордада аграрлық салада экспортқа шыққан тауардың 98 пайызы - қайта өңделген өнімдер.

Сондай-ақ, Қызылордада балық шаруашылығын дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалды.


Жоғары қарай