Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 14:04

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен.

Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.

«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай