Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 25 мамырдан бастап іске қосылатын ұйымдардың тізімі өзгерді

2020 жылдың 24 мамыр 2020 23:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 25 мамырдан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізіміне толықтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«Бесінші кезең 25 мамырдан басталады. Бұл күні іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 6-11 сынып оқушылары үшін жеке қосымша білім орталықтары жұмыс істейді. Онда жеке сабақ - бір адамнан болса, ал топтық сабақтарда - 10 адамнан аспауы тиіс. Ал оқу бөлмесіндегі оқушылардың арақашықтығы - 1,5 метр болып сақталуы қадағаланады және сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін істейтін болады. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды», - деді Наурызбай Сейтқалиұлы.

Аталған нысандар санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып және шектеулі уақытта қызмет көрсетеді.

Бұдан бұрын Қызылордада кейбір шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай