Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 21 полиция қызметкері марапатталды

2016 жылдың 14 желтоқсан 2016 17:59

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы - республикамыз үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің егемендігін қорғау мақсатында тер төгіп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлері де мерекелік көңіл-күймен атап өтуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасай отырып хабарлады.

Осы орайда, 14 желтоқсан күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға ішкі істер саласының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты.

Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қараша 2016 жылғы №380 Жарлығына сәйкес, мемлекеттің қалыптасуына, егемендігінің нығаю мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін департаменттің 21 қызметкерін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградтады.



null

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министрдің бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 15 қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, департаменттің Оқу-жаттығу взводы командирінің орынбасары полиция майоры Есмаханов Талғат Балтабайұлына «полиция подполковнигі» арнаулы атағы мерзімінен бұрын берілсе, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесінің бастығы полиция майоры Тұрманов Болат Әбжапбарұлы мен Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ералиев Ақтау Мешітбайұлы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. Департаменттің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция полковнигі Маншарипов Айдарбек Жаксыбекұлы мен Оқу-жаттығу взводының командирі полиция подполковнигі Шакиев Ерлан Серікбайұлы Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Жедел жоспарлау басқармасының жедел кезекшісі полиция майоры Серімбетов Тасболат Ерболатұлы ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.



null

«Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін», - деді Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев.

Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасымен жалғасты.



null


null

Жоғары қарай