Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылордада 2025 жылға дейін жергілікті каналдарды цифрландыруға мән беріледі

2021 жылдың 2 қазан 2021 19:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында магистралды және шаруашылық аралық каналдарды цифрландыруға мән беріледі. Бұл 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара су шаруашылығын тиімді басқаруға жол ашады. Цифрландыру арқылы каналдар бойынша берілетін суды тиімді пайдалану мен үнемдеуге қол жеткізіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, Үкімет тарапынан әзірленіп жатқан алдағы 5 жылға арналған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы. Онда су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін облыстың 237 су шаруашылығы жобасын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні, «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптарына жөндеу жұмыстары жүргізіп жатса, 2023 жылға дейін коммуналдық меншіктегі 192 су шаруашылығы нысандарын тазалау және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен атқарылатын болады.

Сондай-ақ, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіншілігін тиімді пайдалану үшін кооперация жүйесін жетілдіруге маңыз беріледі.

«Осыған орай біз Жамбыл облысының «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын іске асыруға назар аударылмақ. Бұл бағытта олардың тәжірибесін зерттеп, тиісті шаралар топтамасын енгізу бағытында жұмыс істейміз. Осы бағытта республикалық бюджеттен 2022 жылға 6,5 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды», - деді басқарма басшысы.

Ал жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басын тиісті жайылымдық, шабындық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында елді мекен аумағындағы барлық жерге түгендеу жұмыстарын жасап, жеке қосалқы шаруашылықтарына жер беруді заңдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында оларды бақылаудың жаңа әдістері, тиісті мемлекеттік қолдау шаралары барынша пайдаланылады. Сондай-ақ, жайылымдарды түбегейлі жақсарту, суландырудың барынша тиімді тәсілдерін қолдана отырып, жаңа жайылымдық жерлерді айналымға тарту жұмыстары қолға алынуда.

Еске салсақ, бқдан бұрын Қызылордада жылу беру нысандарының қысқа дайындығы пысықталды


Жоғары қарай