Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

2020 жылдың 26 мамыр 2020 02:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 17 жастағы жасөспірім Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 25 мамырда жергілікті уақытпен сағат 17.00 шамасында болған. Ол Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 7 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның біреуі - жасөспрім, екеуі - бала, қалғаны - ересек азаматтар. Сондықтан мамандар суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала.

Бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға кеткен еді. Оны іздестіруге 53 адам жұмылдырылды.





Жоғары қарай