Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылордада 11 жастағы ұл бала коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 2 маусым 2020 13:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 11 жастағы ұл бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Олардың 13-і Қызылорда қаласында тұрса, 3-і Жаңақорған ауданынан.

«Науқастардың ішінде ең үлкені 1957 жылы туған әйел адам болса, ең кішісі 2009 жылғы ер бала. ПТР анализдері 14 адамнан ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Екі адам ЖРВИ клиникалық белгілерінің болуына байланысты өз бастамасымен медициналық тексеруге жүгінгіп, провизорлық стационарға жатқызылып, анализдер алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазірге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 418 адам тіркелген. Оның ішінде емделіп шыққандар саны - 245 адам.


Жоғары қарай