Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті

2020 жылдың 24 мамыр 2020 02:35

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 10 жасар бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен.

«Қазір оның денесі іздестірілуде. Оған Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 22 қызметкері тартылған. Әзірге нәтиже жоқ. Жыл басынан бері облыста 7 адам суға кетті. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала. Аймақта әлі суға түсу маусымы басталған жоқ. Сондықтар тұрғындардан қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Сырдария өзенінде суға батып бара жатқан 24 жастағы жігіт құтқарылған болатын.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай