Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 27 шілде 2021 23:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Медет Усаин тағайындалды.

М. Усаин 1987 жылы дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы ретінде бастаған.

2012-2016 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған.

Ал 2016-2020 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарса, 2020 жылдың мамыр айынан облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болды.

Жоғары қарай