Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысының кен орнында жатақхана өртеніп, 3 жұмысшы қаза болды

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 12:16

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысындағы кен орнында жатақхана өртеніп, 3 жұмысшы қаза болды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 1 желтоқсан күні, сағат 01.34-те Қызылорда облысы, «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108-шақырымындағы «Бектас-Қоныс» кен орнында болды. Өрт жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханадан шыққан. Жалын 1450 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық – 160 шақырым. Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та толық сөндірілді», - деді Т.Уәли.

Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылған.

«Алдын ала болжам бойынша олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен кейін 19 км қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты», - деп толықтырды ресми өкіл.











Жоғары қарай