Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты іс сотқа жіберілді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің асаа маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты істің қай сатыда екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда болысының бұрынғы әкіміне және облыстық әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізді. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс Қызылорда облыстық №2 сотына берілді. Бұл осы күнге соңғы ақпарат. Қосымша ақпарат болған жағдайда хабарлайтын боламыз», - деді Данияр Бигайдаров.


Жоғары қарай