Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысындағы жол апаты 8 адамның өмірін қиып кетті

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 20:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 15 қаңтарда 13.30 шамасында Арал ауданына қарасты Аралқұм елді мекенінің тұсында «Шымкент-Самара» тас жолының бойында болды.

Жол-көлік оқиғасынан 8 адам көз жұмды.

Апатқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

«Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мәліметіне сүйенсек, 112 құтқару қызметіне түскен хабарлама бойынша №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 2 арнайы техника және 8 қызметкер оқиға орнына жеткен.

«Оқиға орнында Венгриядан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына дәрі-дәрмек тасымалдап келе жатқан «Volvo» маркалы жүк көлігіне Қазалыдан Аралға бара жатқан «Мазда МPV» маркалы автокөлігімен қарсы бағытқа шығып кеткен «Mazda MPV» автокөлігі соқтығысқан. Жүк көлігін 1977 жылғы венгриялық азамат басқарса, автокөлік тізгінінде 1991 жылғы қазақстандық азамат болған. Жол-көлік оқиғасынан автокөлік ішінде қысылып қаза болған марқұмдардың денесі арнайы құралдармен сыртқа шығарылды», - деп мәлім етті ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.


Жоғары қарай