Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында тұңғыш рет «Серіктес директорлар» лигасы құрылды

2021 жылдың 20 маусым 2021 17:55

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұңғыш рет «Серіктес директорлар» лигасы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қала, ауыл мектептерінен 30-ға жуық директорлар енгізілген. Оған түрлі бағыттар бойынша ерекше жобаларды жасауда. Бүгінде 20 бағыт айқындалып, әр мектеп өзіндік жобаларды дамыту ісін қолға алды. Нәтижесінде әрбір білім ошағы өздерінде жүзеге асқан үздік тәжірибені басқа мектептерге таратады. Осылайша, бір жыл ішінде 20 мектеп өз жобаларын 100 мектепке енгізеді.

«Қызылордада №101 мектепте экологиялық жобаларға көңіл бөлген. Балалар жылыжай кешені ішінде бірнеше өнім өндіреді. Сондай-ақ, оқушылар қатты қалдықтарды кәдеге жарата отырып биоотын әзірлеуге көшті. Энергия мен судың тұтыну деңгейін зерттеп, ғылыми жаңалық жасауда. Ал, №261 мектепте оқушылар қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаржыға қайырымдылық өткізеді. Мұнан бөлек, мектепте әкелер және әжелер академиясы ашылған. Бұл мектепте басқару құқығы оқушыларға берілген. Тағы бір мектеп – кәсіпкерлер мектебі ретінде оқушылардың бизнеске бағыттайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық білім басқармасынан.





Басқарманың хабарлауынша, №3 мектепте «ІТ Digital» студиясы ашылып, балалар телевидение арқылы жаңалық таратуға мүкіндік алады. Сондай-ақ, оқушылар SMM, мобилиография курсын тегін оқып, 3D принтер арқылы футболка мен өзге де дүниелерді таңбалап, арнайы сыйлықтарды жасайды.

Лига құрамындағы №140 мектепте балалар ерте кезден ғылымға енуге мүмкіндік алған. Ол үшін «Метеорология» тәжірибелік-зерттеу алаңы ашылып, оқушылар ғалымдармен тікелей бірге жұмыс жасауға көшкен.





Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Білім,
Жоғары қарай