Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі алынды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 13:11

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақта ахуал тұрақтанып, террорлық актімен күрестің «қызыл шекті» деңгейі алынды. Тұрмыстық тіршілікті қайта қалпына келтіру жұмыстары жандануда. Дегенмен, төтенше жағдай режимі жалғасуда.

Бүгінде өңірде 28 блок бекет талапқа сай жұмыс жасауда. Күнделікті 225 қоғамдық көлік қатынап, 316 банкомат жұмыс жасап тұр. Ал 1414 Call орталығына 56200 қоңырау түскен. Олардың басым бөлігі - халыққа қызмет ету, авиа және теміржол билеттерді алу, азық-түлік мәселесіне қатысты.

«Бүгіннен бастап 668 балабақша қызметін бастады. Мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап оқу процесіне көшеді.

5 қаңтардан бүгінге дейін 608 азамат полиция органдарына жеткізілді. Қылмыстық істер бойынша 73 азамат тергеу изоляторына қамалды. Сондай-ақ, 205 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 46-ы ауруханада, 8-і жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.

Еске салсақ, Қызылордада террорлық акті салдарынан 5,8 млрд теңге көлемінде шығын келді



Жоғары қарай