Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Қызылорда облысында стационарда жатқан 4 адамнан коронавирус анықталды

2020 жылдың 8 сәуір 2020 22:07

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында коронавиурс індетіне шалдығудың жаңа оқиғалары бұған дейін науқас адаммен байланыста болғандардан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сoronavirus2020.kz сайтында ұсынылған соңғы мәліметтер бойынша (8 сәуір сағат 21.15-тегі жағдай), Қазақстанда коронавируске шалдығудың жаңадан 9 оқиғасы тіркелді. Оның 4-еуі – Қызылорда облысында анықталды.

Қызылорда өңірінде вирусты жұқтырғандардың үшеуі Шиелі ауданында, біреуі Арал ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын. Олардан зертханалық сынамалар алынған.

«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда емделушілердің жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ұсынған ақпаратта.

Осы уақытта Қызылорда обылсында коронавирус індетіне шалдыққан 76 адам анықталды:

Қызылорда қаласында – 9,

Жаңақорған ауданында – 16,

Қармақшыда – 4,

Шиеліде – 38,

Сырдария ауданында – 7,

Арал ауданында – 2 адам.


Жоғары қарай