Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында санитария ережесін бұзған сумен жабдықтау объектілеріне 11 айыппұл салынған

2021 жылдың 22 ақпан 2021 02:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының сумен жабдықтау объектілеріне санитария ережелерін бұзғаны үшін 458,3 мың теңгеге 11 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2020 жылы 87 сумен жабдықтау объектісін ерекше тәртіп бойынша тексерді. «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалы мамандары орталықтандырылған су жүйесінен 2 024 сынама алып, санитариялық-химиялық көрсеткіштерді зерттелді.

«Оның 233-і немесе 11,5% органды лептикалық көрсеткіш бойынша (құрғақ қалдық, хлорид, жалпы қаттылық) сәйкес келмеді. Ал микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 2 223 зерттеу жүргізіліп, 80-нен немесе 3,5%-нан сәйкессіздік анықталды. Лямблия цисталарына 130 зерттеу жүргізіліп, сәйкессіздік тіркелген жоқ», делінген хабарламада.

Облыстық департаменттің мәліметінше, ауыз су сапасында микробиологиялық көрсеткіштердің нашарлауы негізінен авариялық жағдайды жойғаннан кейін сумен жабдықтау желісінде тазарту және зарарсыздандыру іс-шараларының жеткіліксіз жүргізілуінен, су торабын қорғау аймағын сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалмауынан орын алған.

«Ауыз су сапасының зертханалық мониторингі барысында анықталған сәйкессіздіктер бойынша дезинфекциялық және жуу жұмыстары жүргізілді, судың қайталама үлгісі алынды.

Сумен жабдықтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде санитариялық ережелерді бұзғаны үшін 7 ұйғарым беріліп, 458 370 теңгеге 11 айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Департаменттің мәлімдеуінше, 2020 жылы облыс тұрғындары арасында су факторына байланысты инфекциялық аурулар тіркелмеген.

Жоғары қарай