Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында күріш алаңын қысқарту көрсеткіші орындалмады - Сапархан Омаров

2020 жылдың 22 желтоқсан 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров егіс алаңдарын әртараптандыру бойынша жоспарды орындамаған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егіс алаңдарын әртараптандыру жұмыстарын министрлік тұрақты негізде үйлестіретін болады, сондықтан әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жандандырулары қажет. Бұл ретте, Қызылорда облысында күріш алаңын қысқарту жөніндегі көрсеткіш орындалмағанын атап өткен жөн. Мәселен, меморандумға сәйкес Қызылорда облысында 2020 жылы 75 мың гектарды құрауы тиіс еді, алайда нақты егіс алаңы

89 мың гектарды құрады. Яғни индикативтік көрсеткіштердің жыл сайынғы артуы 14 мың гектардан асады. Осыған ұқсас жағдай Алматы мен Түркістан облыстарында да орын алуда, оларда көрсеткіштен артығы тиісінше 500 гектарды және 2,3 мың гектарды құрайды», - деді министр.

Сонымен қатар, Түркістан облысында да мақта алаңдарын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалмаған. Мәселен, биылғы мақтаның нақты көлемі меморандумда көзделген алаңнан 16 мың гектарға артық болды. Бұдан басқа, Қызылорда және Түркістан облыстарында бидай алаңын қысқарту бойынша көрсеткіш орындалмағаны анықталды. 2020 жылы Қызылорда облысында бидай егілетін алаң Меморандумда көзделгеннен екі есе асып түсті.

Түркістан облысы бойынша да осыған ұқсас жағдай орын алды, онда жыл сайын нақты алаң меморандумның индикативті көрсеткіштерінен асады.

«Бұл жерде Алматы облысының көрсеткіші үлгі бола алады, онда бидайдың алаңы 11 мың гектарға төмендеген, осылайша меморандумның индикативті көрсеткіштері орындалған», - деді С. Омаров.


Жоғары қарай