Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 14:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады.

Есірткі Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым қашықтықта, далалық жерде егілген. Оқиға орнында күдікті үш ер адам ұсталды.

Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ауласында есірткі өсірген 62 жастағы тұрғын қолға түсті.

Ол кісінің ауласынан 105 түп сора өсімдігі табылып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, ол сора есірткісі болып шықты.


Жоғары қарай