Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Қызылорда облысында 700 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 01:24

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында былтыр 700 келіден астам есірткі заты заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы Қызылорда облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне 429 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көрсетілген есірткі, психотроптық заттар, сол тектес және прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша көзделген қылмыстық теріс қылықтың 328 дерегі анықталған.

Сондай-ақ, қылмыстық істің 12-сі - есірткі затын сақтау, 67-сі - құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін өсіру бойынша қозғалған.

«Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында облыс көлемінде жалпы 405 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде осы бағытта акция, арнайы дәріс, дөңгелек үстел, кездесулер, спорттық іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар үкіметтік емес ұйымдар, мектеп инспекторларымен бірлесе ұйымдастырылды. Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында осы мақсатта тиісті шаралар жасалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай