Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында 6 ақбөкен атып алған тұрғын қолға түсті

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 02:44

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 6 ақбөкен атып алған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстқ полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және «Охотзоопром» мекемесі қызметкерлері рейд жүргізген болатын. Рейд барысында «Құмкөл» тас жолы бойындағы далалық жерде «Nissan Patrol» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүк салғыштан 6 ақбөкен жануарының өлі денесі табылды.

«Күдікті ретінде ұсталған азаматтан бір ұңғылы, 12-калибірлі аңшы мылтығы, атылмаған 12 калибрлі 93 дана патрон және аңшы пышағы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылордада әлеуметтік қызметкер ұрлық жасады.



Жоғары қарай