Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қызылорда облысында 47 градус аптап ыстық болады

2020 жылдың 2 маусым 2020 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады.

3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

3 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.

3 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.

3 маусым күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады.


Жоғары қарай