Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қызылорда облысында 200-ден астам елдімекен кең жолақты интернетпен қамтылған

2021 жылдың 10 қазан 2021 21:33

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 201 елдімекен кең жолақты интернетпен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатта «Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерінің мемлекеттік органдарын кең жолақты интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету» Жол картасы негізге алынып отыр.

Жол картасы аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісі атартылды.

Оның ішінде 72 мектеп, 64 әкімдік, 69 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ғаламтор байланысымен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда 230 ауылдық елді мекеннің 201-і, немесе 87% кең жолақты интернетпен қамтылған.

«Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша 2020 жылы қала мен аудандардың 63 мектебінде бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстың алғашқы кезеңі аяқталды.

Оған Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграция жүргізілді.

Сондай-ақ, 2021 жылға (II кезең) қаланың 35 мектебін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінді.

Шұғыл қызметтерді бірыңғай диспетчерлік қызметке біріктіру есебінен 112 шақыруларды тіркеу және бригадаларға беру уақыты 28% қысқартылды.

Жауап беру уақыты 102 қызметі бойынша 5 минутқа дейін, 103-те 15-тен 10 минутқа дейін қысқарды, шақыруларға қызмет көрсетуді бақылау тиімділігі 20% артты, жалған шақырулар саны 40% азайды.

109 бірыңғай байланыс орталығын құру өтініштерді тіркеу уақытын және жауапты коммуналдық қызметтердің кері байланысын қысқартты.

Тұрғынға ондаған коммуналдық нөмірлердің орнына аталған нөмірді білу жеткілікті.

Сондай-ақ, қалалық коммуналдық қызметтердің сапасы да айтарлықтай жақсарды.

Жоғары қарай