Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қызылорда облысында 12 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

2020 жылдың 8 сәуір 2020 00:12

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 12 адамның дертті қайдан жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады

Науқастардың 11-і Шиелі ауданында тіркелген. Ал 1 жағдай Арал ауданында анықталды. Барлығы да коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Соған байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. Зерттеу қорытындысымен олардан COVID-19 диагнозы нақтыланды.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 66 адам анықталды. Қызылорда қаласында – 9 жағдай тіркелсе, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында-1, Арал ауданында – 1 жағдай есепке алынған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Жоғары қарай